• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Тамыз, 2021

Олимпиада чемпионының бапкері жол апатынан қаза тапты

147 рет
көрсетілді

АҚШ-тың семсерлесуден әйелдер құрамасының бапкері Энтони Лич мотоциклмен жол апатына ұшырап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

62 жаста болған Лич рапирашыларды бес Олимпиадаға дайындаған, соның ішінде Токиода оның тәлімгері Ли Кифер осы жарыс түрінен ел үшін тарихта бірінші рет алтын жеңіп алған еді.

Биылғы Жазғы ойындарда америкалық рапирашылар командалық есепте төртінші болды. Лич 2013 жылы АҚШ-тың Семсершілер даңқ залына кірген болатын.