Қарағанды құю-машина жасау зауытының қабырғасында Қаныш Сәтбаев пен Илон Масктың портреті пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Екеуінің ортасында қандай байланыс болуы мүмкін? Қазақстақ металлургиясының әкесі Қаныш Сәтбаев - зауыттың тарихын, ал Илон Маск зауыттың болашағын бейнелейді», деп түсіндірді металл конструкциялары өндірісінің басшысы Ұлан Абеков.
«Мой город» порталының жазуынша, сурет «поп-арт» техникасымен салынған. Авторы - суретші Шыңғыс Қасымов. Екі қабырғаны безендіруге екі апта уақыт кетті.