• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2014

Ауыр атлетика: тағы да дау, тағы да допингпен ұсталды

396 рет
көрсетілді

Қазақстандық  ауыр атлет Фархад Харки допингпен ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, ол 2015 жылға дейін спорттан шеттетіліп, былтыр Қазанда өткен Жазғы Универсиада жеңіп алған алтын  медалін қайтарып береді. Оның Универсиада чемпионы деген атағы КХДР спортшысы Ча Кум Чолға беріледі. Осыған байланысты Қазақстан Универсиадада 2 алтын, 11 күміс, 16 қоламен 22-орынға сырғиды. Бұған дейін біздің еліміз 3 алтын, 11 күміс және 16 қола жүлдемен 19-орында тұрған болатын.

Былтыр Фархад Харкиге дейін қазақстандық тағы тоғыз атлет допингпен ұсталған еді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз:http://www.iwf.net

Соңғы жаңалықтар