• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2021

Өскемен – Семей тас жолына шулы жолақтар төселді

475 рет
көрсетілді

Қара жолда жүргізушілердің немесе жаяужүргіншілердің ережені есте сақтауы керек. Олсөзсіз. Сондай-ақ, жол қозғалысын реттеудіңзаманауи құралдарын пайдалануға да болады.

Жол бойында қауіп жоғары. Көлік тізгіндегенжүргізуші де, жаяу жүргінші де жауапкершілікті сезінуітиіс.  

Жуықта «Қазақавтожол» ЖШС ШҚО филиалы қызмет көрсететін жол ұйымы Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен Өскемен – Семей тасжолының реттелмейтін 7 жаяу жүргіншілер өткелініңалдында арнайы шуыл жолақтар салынды. 

Бұл арнайы технологиямен жасалған жолдыңүстінен салынатын таңбаның ерекше түрі. Егер адамкенеттен рөлде ұйқыға кете бастаса, жолаққа соғылғандөңгелектің дірілінен оянып кетеді.

Шулы жолақ салудағы басты міндет – жол-көлікоқиғасын азайту, қауіптің алдын алу.

Бүгінгі таңда облыстың жолдары мен көшелерінде 4 мың шаршы метрден астам шу жолақтары (20 учаскеде) төселген.