Жетісуда кәсіпқой спорт пен бұқаралық спорттыңдамуы құстың қос қанатындай тең дәрежеде дамыпкеледі деп айтуға болады. Оған өңірдегі саламаттыөмір салтын ұстанушылар қатарының жыл сайынартып, әр аудан мен ауылдарда спорт-сауықтырукешендерінің көптеп ашылуы дәлел. Ал Алматы облысынан шыққан спорт саңлақтары әлемдікдодаларда топ жарып, аймақтағы кәсіби спортқа дегенқамқорлықтың жоғары деңгейде екенін көрсетіпкеледі.
«Ондай бассейн Орталық Азияда жоқ...»
Дерек бойынша, облыста 667 мыңнан аса адам немесе жалпы халық санының 32 пайызы денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады екен. Әсіресе жастар арасында спортқа деген қызығушылық басым. Мәселен, өңірде 3 мыңнан аса спорт нысаны мен 43 спорт мектебі жұмыс істесе, онда 42 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады.
Биыл облыстың спортсүйер қауымы үшін жағымды жаңалық көп болып тұр. Соның бірі – Талдықорған қаласында ашылған жүзу бассейні. Орталық Азияда теңдесі жоқ деп саналатын бұл жүзу бассейні 570 орынға арналған, екі қабатты еңселі ғимараттан тұрады. Мұнда жас спортшылар су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудің барлық түрімен жаттыға алады. Болашақта ғимараттың халықаралық жарыстар өткізуге де мүмкіндігі бар екен.
– Елбасы мен Президенттің еліміздегі спортқа көңіл бөлу туралы тапсырмаларына сәйкес бүгінде Алматы облысында13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Жақында облыс орталығынан Орталық Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейнінің құрылысын аяқтап, қолданысқа бердік. Бұл нысан өскелең ұрпақты спортқа баулуға үлкен серпін береді және осы жерден еліміздің даңқын шығаратын мықты спортшылар тәрбиеленіп шығады деп сенемін, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.
Қазір бассейннің ашылғанына талдықорғандық жасөспірімдер бар ынтасымен қуанып жүр. Мәселен, Талдықорғандағы №14 мектептің 11-сынып оқушысы Ислам Каримов 5 жылдан бері жүзумен айналысады екен. Ол мұндай үлкен жүзу орталығына келіп, дайындығын шыңдауға мүмкіндік туғанына дән риза.
– Жасым – он алтыда. Жүзуге ден қоя бастаған 5 жылдың ішінде біршама жетістікке жеттім. Ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионы болдым, спорт шеберімін. Жүзумен кәсіби түрде айналысамын деп шештім. Бүгінге дейін бізшағын «Өркен» спорт кешенінде жаттығатын едік. Енді осындай заманауи ірі бассейнде жаттығуымызға зор мүмкіндік туды. Мұндағы бассейн ұзындығының 52 метр болуыұзаққа жүзудегі шыдамдылықты шыңдайды. Мемлекет жастарға спортпен айналысуға барлық жағдайды жасап отыр. Бүгін ерекше қуанышқа кенеліп тұрмыз. Осындай бассейн салынғаннан кейін суда жүзуге қызығушылығы артатын балалар көбейеді деп ойлаймын, – дейді Ислам.
Жалпы, осы заманауи жүзу бассейні 3,8 га жерді алып жатыр. Бұл ғимараттың жалпы ауданы 13 мың шаршы метрден асады. 570 орынға арналған жүзу бассейнінің құрылысына 11,4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Ғимараттың сыртқы кейпі теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді. Мұнда 3 бассейн бар, соның ішінде ең үлкенінің ұзындығы – 52 метр, ені – 25 метр. Бұл ғимаратта ниет білдіргендер су добы, суға секіру, аква аэробика сияқты жүзудің барлық түрімен жаттыға алады.
Бассейн жыл бойы түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге, сол сияқты азаматтарды саламатты өмір салтына бейімдеуге, балаларды жүзуге үйретуге арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта триатлон, байдаркада есу, каноэ және басқада бөлімдер ашу жоспарда бар. Жалпы, осы бассейн арқылы Талдықорғанның болашақта су спортының орталығы болуына мүмкіндігі бар.
Олимпиада жүлдегерлері баспаналы болды
Жақында Токио Олимпиадасына қатысып, жүлдегер болыпқайтқан жетісулық спортшыларға құрмет көрсетілді. Оларға облыс әкімі Амандық Баталов пәтер кілтін табыстады. Мұндай құрметке ауыр атлетикадан жазғы Олимпия ойындарының қола жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ие болды.
– Сіздердің спорттағы жетістіктеріңізді ел Президенті жоғары бағалап, мемлекеттік награда берді. Зульфия ІІ дәрежелі «Достық», Игорь «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Олимпия ойындарының қола жүлдесі – елімізүшін жетістік. Сондықтан сендер біздің еліміздің мақтанышысыздар. Сіздерге барлық қажетті мемлекеттік қолдау тұрақты түрде көрсетіледі. Біз өз тарапымыздан көмектесуді және қолдауды жалғастырамыз. Бүгін мен сіздерді жетісулықтар атынан елеулі жеңіспен құттықтаймын және жаңа спорт шыңдарын бағындыруларыңызға тілектеспін, – деген Амандық Баталов спортшыларға облыс әкімінің құрмет грамотасы және пәтер кілттерін табыс етті.
Марапаттау кезінде Зульфия Чиншанло үш бөлмелі пәтердің, ал Игорь Сон екі бөлмелі пәтердің кілтін алды. Спортшылардың жаттықтырушылары да марапаттан құралақан қалмады. Олардың әрқайсысына 2 млн теңге тұратын қаржы сертификаттары тапсырылды. Жиында Олимпия ойындарының қола жүлдегері, ауыр атлетикадан 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сон спортшыларға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
– Спортшыларға барлық жағынан көрсеткен көмегі үшін ел Президентіне шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз өз тарапымыздан артылған сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз. Алда – Азия ойындары. Біз оларға жоғары марапаттарға ие болу үшін белсенді түрде дайындаламыз, – деді ол.
Сондай-ақ Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Игорь Сонның жаттықтырушысы Владимир Седов те ризашылығын білдірді:
– Мен 13 жыл бойы спорт интернатында жаттықтырушы болып жұмыс істеп келемін. Енді Олимпия ойындарының қола жүлдегері атанған тағы екі тәрбиеленушім бар. Біріншісі – Карина Горичева, екінші – Игорь. Мен бұған өте қуаныштымын. Жаттықтырушылар атынан спортшыларымыздың тыңғылықты жаттығуы үшін жасалған жағдайға алғыс айтқым келеді. Біз елге және аймаққа медаль әкелу үшін жұмысты жалғастырамыз, – деді жаттықтырушы.
Кездесу барысында спортшылар алдағы жоспарларымен бөлісті, өздерінің мақсаттары мен спорттық дайындық ерекшеліктері туралы айтты. Ал өңір басшысы АмандықБаталов Алматы облысы чемпиондардың тұтас галактикасын тәрбиелеп шығарғанын, бұл мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болғанын тілге тиекетті.
– Біз жақында Орталық Азияда баламасы жоқ олимпиадалық бассейнді пайдалануға бердік. Қазірдің өзінде оған 850 бала жүзуге жазылды. Болашақта олардың көпшілігі бізді жетістіктерімен, жеңістерімен қуантады деп ойлаймын. Елбасының аймақтарда 100 спорттық-сауықтыру орталығын ашу туралы тапсырмасына сәйкес, облыста 13 спорттық-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Тағы бесеуі жақында іске қосылады. Олардың біреуі – шалғайдағы Балқаш өңірінде. Қазірдің өзінде пайдалануға дайын. Бұл ретте біз спорт ғимараттарын, материалдық-техникалық базаны реттеуге ерекше назар аударамыз. Мұның бәрі бұқаралық спортты дамытуға және жаңа таланттарды анықтауға ықпал етіп, нәтиже беруде, – деді облыс әкімі Амандық Баталов.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Egemen Qazaqstan»