• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Оқшау мекемедегі онлайн-дүкен

160 рет
көрсетілді

Қостанайдағы УК-161/1 түзеу мекемесінде ин­тернет-дүкен ашылды. Об­лыс­тық қыл­мыстық ат­қару жүйесі де­пар­та­мен­ті­нің мәлі­ме­тін­ше, мұнда отыр­ған­дар­дың туыс­тары енді азық-түлік, ги­гиеналық заттар және темір тордың арғы жағына өткізуге рұқ­сат етілетін басқа да та­уар­ларға тиімді бағамен ин­­­тернет арқылы тапсырыс бере алады.

Оқшау орнындағы онлайн-дү­кен­ді қала тұрғыны Анар Алдам­бер­генова ашыпты.

– Өз жұбайым осы мекемеде жазасын өтеп, таяуда ғана бостандыққа шықты. Сондықтан ауыр сөмкелерді арқалап, есік алдында ұзын-сонар кезек күтіп тұрудың қандай қиын екенін жақсы білемін. Қазіргідей індет өршіп тұрған күрделі кезеңде азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды абақтыға өткізуді жақсарту және жеңілдету керек екеніне көзіміз жетті. Біз интернет-дүкенімізді осы мақсатпен ашып отырмыз, – дейді А.Алдамбергенова.

Енді түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілердің туыстары интернетке қосылған кез келген құрылымнан азық-түлік сатып ала алады. Ал тергеу мекемесіне жеткізіп беру шығыны дүкен есебінен толығымен өтеледі. Тапсырыс сайтта жасалып, курьер дайын тауарды тергеу оқшаулағышына жеткізеді.

– Интернет-дүкенде жазасын өтеп жатқан жандарға қажетті бар­лық зат бар. Ең бастысы, тө­лем­ді үйден шықпай-ақ жасауға болады, – дейді тұтынушының бірі.

Алдағы уақытта онлайн-дүкен терминалын мекеме ішіне орнату жоспарда бар. Бұл жазасын өтеушілерге де өздеріне қажет тұрмыстық бұйымдарға тапсырыс беруге мүмкіндік туғызбақ. «Ол үшін әр сотталушының басыбайлы логині мен құпия сөзі болуы керек», дейді департамент өкілдері.

 

Қостанай облысы