Елбасының атына Атырау мұнай және газ институтының студенттерінен жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Аталған институтта ақылы негізде білім алып келген 50 студенттің білім беру гранттарына қол жеткізгенін үлкен қуанышпен хабарлаған авторлар жеделхатта былай деп жазған: “Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіздің бастамаңызбен жастарға жоғары білім беру бойынша жасалып отырған қамқорлықты біздер осы шаралардан нақты сезініп отырмыз. Біз өз кезегімізде Сізге алдағы уақытта да осы сенімді ақтап, сапалы білім алып, әрқашан еліміздің саналы азаматтарының қатарынан табыламыз деп уәде береміз.
Атырау мұнай және газ институтында білім алып жатқан барша студенттер атынан Сізге зор ризашылығымызды білдіреміз және тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін атқарып жатқан істеріңізге толымды табыстар тілейміз”.