• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Тамыз, 2021

Карантин талаптарын бұзған тойхана анықталды

134 рет
көрсетілді

Мейрамхана карантин талаптарына қарамастан өз жұмысын еш кедергісіз жалғастырған, деп жазады Egemen.kz.

19 тамыз күні Алматы облысы Қарасай ауданының полицейлері рейд жүргізіп, үйлену тойы өтіп жатқан мейрамхананы анықтады. Тойға 100 адам қатысқан.

Анықталған дерекке қатысты материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды.