Трамптың жақтаушысы, конгрессмен Марджори Тейлор Грин конгресте Джо Байденнің импичмент процедурасын дайындау бойынша практикалық жұмысты бастағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Марджори Тейлор Гринмен өткізілген келіссөздерден кейін республикашылардың оң қанатының стратегі және «трампизмнің» негізгі идеологтарының бірі Стив Баннон қазіргі Президенттің қарсыластары үшін жаңа тактиканы ұсынды: 2022 жылғы сайлаудан кейін өкілдер палатасы Трампты Нэнси Пелосидің орнына кемінде 100 күн спикер етіп сайлайды. Бұл үшін Трамптың конгреске сайлануы да қажет емес: теориялық тұрғыдан Өкілдер палатасының спикері конгрессмен болмауы да мүмкін. Бірақ АҚШ саясатында бұл іс жүзінде ешқашан болған емес.
Осы арада демократтардың «Мұрагер» операциясына дайындалып жатқан жайы бар. Соңғы күндері вице-президент Камала Харрис Ауған тақырыбына байланысты негативтен аулақ болған. Ел ішінде тараған «Байден әкімшілігі - Харрис» сөздерінің аясында, вице-президент, шынында да Кабул әуежайындағы қайғылы оқиға туралы бірде-бір пікір білдірген жоқ. Тіпті демократиялық баспасөз Харрис Ауғанстаннан шығу стратегиясына қатысты шешім қабылдаудағы рөлі үшін сыннан құтыла алмайтынын мойындайды.
Байден беделіне Талибанның жеңісіне байланысты ұйымдастырған брифинг те кір келтірді.
Кейбір америкалық сарапшылар Кабулдағы соңғы оқиғалар Байденнің беделіне нұқсан келтірсе де, кейінгі сайлауға айтарлықтай әсер етпейді деген пікірде. Олар Сайгон-1975-тің оқиғалары 1976 жылғы президенттік науқанға әсер етпегенін еске алды.