• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2021

Ресей, Италия, Фрнация басшылары Ауғанстан мәселесін талқылады

250 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин, Италия Премьер-Министрі Марио Драги және Франция президенті Эммануэль Макрон бейсенбіде телефонмен сөйлесіп, Ауғанстан мәселесін талқылады. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Римнен келген мәлімдемеде Драги мен Путин Ауғанстандағы жағдай мен оның аймақтарға әсері туралы талқылау жүргізгені жазылған.

Олар сондай-ақ халықаралық қауымдастық «Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіру, терроризм мен адам саудасына қарсы күрес және әйелдер құқығын қорғау» бойынша қолдана алатын нұсқауларды қарастырды.

Кремль мәлімдемесінде айтылғандай, Путин мен Драги Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін халықаралық күш-жігерді, соның ішінде G20 блогы шеңберінде біріктіруге шақырды.

Италия басшысы бейсенбіде Франция президенті Эммануэль Макронмен де сөйлесті.

«Әңгіме барысында екі көшбасшы Ауғанстан дағдарысының әртүрлі салдарын, соның ішінде көші-қон ағымын басқару, елдегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.

Путин сонымен қатар бейсенбіде Макронмен сөйлесіп, Талибан бастаған Ауғанстан мен бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылады.

Путин мен Макрон басқа мәселелермен қатар Қарабақ, Иран мен Украина мәселелерін талқылап, жеке байланыстарды жалғастыруға келісті.