Бұл туралы орталық коммункациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады Egemen.kz.
С.Брекешевтің айтуынша, 2010-2021 жылдар аралығында апаттық жағдайдағы мұнай ұңғымаларын жою үшін ел аумағында зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде 132 апаттық мұнай ұңғымасы анықталып, 126-сы мемлекеттік бюджет есебінен жойылды.
«Тағы 6 ұңғыманы жою қажет. Ақтөбе облысында – 3, Атырау обылсында – 1, Маңғыстау облысында 2 апаттық жағдайдағы ұңғыма бар. Оларды жою 2023 жылы басталады», деді Серікқали Брекешев.