• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2021

Бала асырап алушылар нені білуі керек?

568 рет
көрсетілді

Отбасы күніне орай «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» онлайн курсының таныстырылымын өткізді, деп жазады Egemen.kz. 

Аталған курс Отбасы институтын зерттеу орталығының бастамасымен және де «Отбасы академиясы» қоғамдық қоры мен «Ковчег» қайырымдылық қорының бірлесе әзірлеген жобасы.

«Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» онлайн курсы біріншіден, оқыту семинарларын жүргізетін тренерлерге көмекші құрал ретінде әзірленген. Алдағы уақытта бұл көмекші құрал осы тақырыпқа қызығушы зерттеуші, ізденуші азаматтарға кеңінен таныстырылып, қалың бұқара назарына ұсынылатын болады», деді ««Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының басқарма басшысының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Қайдарова Әсем.

Онлайн курс kipd.kz платформасында қолжетімді болып, ҚҚДИ-ның әлеуметтік желілердегі барлық аккаунттарында орналастырылатын болады және де бала асырып алушы ата-аналарға қатысты қызығушылық танытқан ұйымдар мен азаматтарға жеке табыстау жоспарланып отыр.

Курс барысында бала асырып алушы ата-аналарды ынталандыру мен балалардың психологиялық жарақаты, балалар үйнің тәрбиеленушілерінің ерекшеліктері секілді зерттеу тақырыптары қамтылған. Қазір оқыту курсының екінші модулі дайындалуда.

Таныстырылым барысында «Отбасы академиясы» қоғамдық қорының сарапшысы Зухра Абрахманова, «Отбасын және балаларды қолдау орталығына» қарасты «SOS Астана Балалар ауылының» ЖБМ-нің әлеуметтік қызметкері Анастасия Литвинова, және де Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығы» КММ-нің педагог-психолог маманы Түкенова Әсем бала асырап алушы ата-аналарды оқытудағы өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

«Бала асырап алушы ата-аналар мектебі» жобасының маңызын атап өтіп, жоба бала асырап алу институтының дамуы мен бұл салада қызмет көрсететін мамандардың даярлығын пысықтаумен қатар, қоғамдағы жетімдер мәселесінің алдын алуға негізделеген өзекті әлеуметтік жоба», деді Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева.