Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы цемент зауыты қазір толық қуатына шықты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде салынған кәсіпорынға барлығы 34,9 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Кәсіпорын бүгінде 236 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы цемент зауыты қазір толық қуатына шықты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде салынған кәсіпорынға барлығы 34,9 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Кәсіпорын бүгінде 236 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ақмола облысы Степногор қаласындағы күкірт қышқылы зауыты жылдың екінші жартысында іске қосылады. Жылына 180 мың тонна өнім шығаруға лайықтанған өнеркәсіп орнының жобалық құны 12,23 млрд. теңгені құрайды.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында шағын гидроэлектр стансасы салынбақшы. Ауданның Қарақол су қоймасында қанат жаятын құрылым құрылысын Қытай фирмасы жүргізеді. Аймақта баламалы қуат көзін өндірудің бір нысаны болып табылатын станса 12 кәсіпорынды электр жарығымен қамтамасыз етеді.
Қызылорда облысы Қазалы ауданында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 2 жоба жүзеге асты. Өткен жылы ауданда жалпы 12 жоба Индустрияландыру картасына енгізілсе, солардың 9-ы қазір пайдалануға беріліп қойды.
Ақтау халықаралық әуежайына паркомат жүйесі орнатылды. Енді мұнда келген автомобильдер жолаушылар терминалы алаңында 15 минут қана тегін тұра алады. Одан арғы уақыттың бәріне тариф бойынша ақы төлейтін болады.
Ақтөбе облысының прокуратурасы маршруттағы «ГАЗель» көліктерін алып тастауды талап етуде. Осыған орай «Троллейбус паркі» АҚ үшін қала көшелеріндегі 46 бағытта жүрген осындай көліктердің орнына жайлы жолаушылар автобустарын шығару міндеті қойылды.
Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер
сайттарының материалдары бойынша дайындалды.