• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2021

Вакцина паспорты жоқтарға қоғамдық орынға баруға тыйым салынды

1076 рет
көрсетілді

Әзірбайжанда вакцина паспорты болмаған жағдайда қоғамдық орындарға барған адамдарға айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл $ 235 дейін, заңды тұлғалар үшін $ 2 950 дейін жетеді. Осылайша, 1 қыркүйектен бастап сауда орталықтарында, қонақ үйлерде, кафелер мен мейрамханаларда тек вакцина паспорты бар адамдарға ғана қызмет көрсетіледі.

Құжат 18 жастан асқан барлық адамдардан, соның ішінде студенттерден де талап етіледі.

Вакцинацияны растамай, тек қарапайым дүкендерге баруға болады.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.