Алматыда N20 және N129 автобустардың қозғалысы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматыда 21 тамыздан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты «DumanTransKZ» ЖШС 20 және 129 автобустарының бағыты уақытша өзгереді», деп хабарлады көлік холдингі.
Қаладан Солтүстік айналма тас жолының бойымен келе жатқанда, автобустар Боралдай көшесіне, одан кейін Орталық көшесіне қарай, Қарасу көлінің соңғы аялдамасына қарай бұрылады.
Соңғы аялдамадан қарама-қарсы бағытта олар Заводская көшесіне Бағаналы Орда көшесіне қарай, одан Боралдай көшесіне, одан кейін Солтүстік айналма тас жолына барады. Әрі қарай сызбаға сәйкес.