Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулға «Талибан» қозғалысының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар ұшып келді, деп жазады Egemen.kz.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Барадар «инклюзивті үкіметті» құру үшін бірнеше кездесу өткізбек.
Айта кетсек, тәліптер 15 тамыз күні Ауғанстан астанасын басып алған. Үкіметтік әскер іс жүзінде оларға еш қарсылық көрсетпеді.
Ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елде азаматтық соғысты болдырмас үшін шетелге ұшып кеткен болатын.
Қазір Кабул әуежайынан өзге елдің азаматтарын қауіпсіз жерге жедел көшіру жүргізіліп жатыр. Батыс күштерімен ынтымақтастықта болған мыңдаған ауғандық та елден кетудің жолын іздеуде.