• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Тамыз, 2021

Қазақстандық боксшы АҚШ-тың 14 дүркін чемпионын нокаутқа жіберді

590 рет
көрсетілді

Гамбургтегі Universum Gym аренасында өткізілген бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий АҚШ-тың 14 дүркін чемпионы Джоуи Давейкоға қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыр салмақтағы он екі раундтық жекпе-жекте Қазақстандық спортшы екінші раундта қарсыласын мерзімінен бұрын нокаутқа жіберді.

Бұл кәсіпқой рингтегі Қазақстандықтардың 16-шы жеңісі. Ал Джоуи Давейко тоғызыншы жеңіліске ұшырады.

Ауыр салмақтағы WBA International титулын Кособуцкий осы жылдың 20 ақпанында Гамбургте өткен алдыңғы жекпе-жегінде жеңіп алды. Бұл жекпе-жекте Жан төртінші раундта нигериялық Онориоде Эвариемді нокаутқа жіберді.