• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Тамыз, 2021

Израиль ұшақтармен шабуыл жасады

235 рет
көрсетілді

Израиль ұшақтары сенбі күні кешке Газадағы Хамас ұйымының нысандарына шабуыл жасады. Бұл туралы аталған елдің әскерилері хабарлады. Израильдің мұндай қадамға баруына бұған дейінгі шекара маңындағы қақтығыс әсер еткен.

Шекарадағы атыс кезінде Израиль сарбазы ауыр жараланған еді. Бұдан бөлек, қақтығыс кезінде 41 палестиналық та жарақат алған. Олар, негізінен, Хамас және Иерусалимді қолдайтын басқа фракциялар ұйымдастырған Газадағы наразылық кезінде жараланған.

Жүздеген палестиналық мықты бекінген шекара маңына жиналған. Оқиға барысында кейбіреулер шекара қоршауын бұзуға тырысқан. Енді бірі Израиль әскерлеріне қарай жарылғыш заттарды лақтырған көрінеді.

Бұған жауап ретінде Израиль әскерилері қарудан оқ жаудырған. Газа денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ауыр жараланған екі палестиналықтың арасында басынан оқ тиген 13 жасар бала бар. Ал басқа жарақат алғандардың көбінің аяқ-қолына, арқасына және ішіне оқ тиген.

Израиль әскерінің хабарлауынша, сарбаздарға атылған оққа жауап ретінде Израильдің жойғыш ұшақтары Хамасқа тиесілі қару-жарақ сақталатын және өндірілетін аймаққа шабуыл жасаған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ Израиль Газаның шекара аймағына қосымша күштер жібергенін мәлімдеді. Елдегі бұқаралық ақпарат құралдары әскерилердің «Темір күмбез» зымыранға қарсы жүйесін қолдануды күшейткенін хабарлады.