Ақтөбе өңірінде биыл қар алдыңғы жылдарға қарағанда анағұрлым көп түсті. Қала көшелерін қардан тазарту мақсатында 22 жұмыс тобы мен 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Дерек көздерінен белгілі болғандай, қыс басталғалы бері полигонға 45 мың тонна қар шығарылыпты.

– Былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 10 мың тонна қар шығарған едік. Биыл қар көп түсті. Қазір күндіз-түні қарқынды түрде қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың бастапқы кезеңінде селолық округтердің аумағындағы қарды аршу қиындық тигізді. Себебі, боранның салдарынан, тазартылған жолдарды әлсін-әлсін қар басып қалуда. Қазір жұмыс қалыпқа келді. Қоғамдық көліктердің де, мектеп автобустарының да жүруіне қолайлы жағдай жасалды, – дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Қуандық Қасымов.
Қыс мезгілінде қаладағы көлік жолдарын күтіп-ұстау үшін бюджеттен 480 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жалпы, жолдарды күтіп-ұстау 9 аумақ бойынша жүргізілуде. Осы кезге дейін көлемі 3 млн. шаршы метр аумақ қардан тазартылған. Яғни 150 көшеде көлік қозғалысына және жаяу адамдардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызылды деген сөз. Қардан аршу жұмыстарымен 7 мердігер мекеме айналысуда. Ал 10 мердігер мекеме жаяу жүргіншілер жолдарын тазартады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.