• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Жаңарған Жамбыл жерінде

401 рет
көрсетілді

Жыр алыбы Жамбылдың атын алған өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық даму үдерісі қай салада болмасын жылдан-жылға дамып, жаңғырып, жаңарып келеді.

 

Жыр алыбы Жамбылдың атын алған өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық даму үдерісі қай салада болмасын жылдан-жылға дамып, жаңғырып, жаңарып келеді.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқ­санында облыстың өнеркәсіп кәсіп­орындарында 237,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 122,8 миллиард теңге­ні құрады. Негізгі капиталға салын­ған инвестициялар 248,5 мил­лиард теңге болды. Құрылыс жұмыс­тарының көлемі 132 миллиард теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 256,7 мың шаршы метр. Қатарға қосылған жаңа шағын аудан мен өнеркәсіп аймақтары арқылы облыс орталығы – Тараз қаласының аумағы бұрынғыдан едәуір ұлғая түсті.

Білім беру нысандарын салуға және жаңғыртуға өткен жылы 5509,8 миллион теңге бөлініп, 6 мектеп, 3 балабақша пайдалануға бе­рілді. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 35,6 миллиард қаржы қарастырылды. Соның нәтижесінде заман талабына сай жабдықталған бірнеше жаңа аурухана халыққа қалтқысыз қызмет көрсете бастады.

Жаңадан салынған «Тараз-Арена» спорт сарайы облыс орталығының ажарын ашып, онда спорттың түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізіле бастады. Осы игіліктің бәрі, сайып келгенде, жамбылдықтардың көңілін қанаттандырып, әлеуметтік жағдайын жақсартып, рухын көтеріп, жүректеріне Мәңгілік елдің ертеңіне деген нық сенім ұялатты.

Жаса, Жамбыл өңірі!

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Суреттерді түсіргендер Ерлан ОМАРОВ,

Ақәділ РЫСМАХАН, Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Соңғы жаңалықтар