Қапшағай қаласы Степная көшесіндегі қараусыз қалған үй өртенді, деп жазады Egemen.kz.
Тілсіз жау 22 тамыз күні кешкі уақытта болған.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құраған.
«Өрт сағат 23.50-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар көршілес ғимараттың пластикалық терезелері мен жақын жерде тұрған көлік жалыннан зақымданған.
Өрттің себебі анықталуда.