• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2021

Шымкентте жасырын жұмыс істеген ойынхана анықталды

318 рет
көрсетілді

Шымкенттік полицейлер карантиндік шектеулерді бұзған кезекті ойынхананы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен 22 тамызда жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Жолан батыр көшесі бойында орналасқан «GAME PLAY» ойынханасы сағат 23:43-те карантиндік талаптарды сақтамай келушідерді қабылдап жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.