• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Тамыз, 2021

Алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

320 рет
көрсетілді

Синоптиктер 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ аралас қысқа мерзімді жаңбыр жауады, қатты жел тұрады.

Республикамыздың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжанады: батыста түнде +17...22, күндіз +32...39 градус, солтүстікте түнде +13...18, күндіз +30...35 градус, орталықта және республикамыздың шығысында түнде +11...17, күндіз +27...33 градус, оңтүстікте түнде +15...22, күндіз +32...39 градус ыстық болады деп күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.