• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2010

ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ

532 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақ­стан­­да­ғы Төтенше және өкілетті елшісі Паата Ка­ландадзені оның өтініші бойынша қа­былдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. П.Каландадзе Қазақстан-Грузия қатынас­та­ры, “тұтастай алғанда үйлесімді және қар­қынды” екенін айта келіп, парламентаралық үн­қатысуды белсенділендіру туралы ойлары­мен бөлісті. Қ.Тоқаев өзара екіжақты іс-қимылды ны­ғайтуға Қазақстанның мүдделілігін атап өтіп, парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Дипломат “ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі” Трансазиялық парламенттік фо­румы­ның жұмы­сына грузин парламентшілерінің қатысатынын нақтылады. Форум үстіміздегі жылғы 14-16 мамырда Алма­тыда өтеді. Бұл шара аясында аймақтық қауіпсіздік, экономикалық даму, ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі мәселелеріне арналған үш сессия­сын өткізу жоспарланып отыр.