Сейсенбі күні, 24 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Күн тәртібінде:
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал;
ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»,
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы;
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және оны өткізу мәселелі қаралады деп жоспарлуда.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көруге болады.