• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Жанна Фрискенің емделуі үшін жұрттан 50 млн. рубльден астам қаржы жиналды

280 рет
көрсетілді

«Русфонд» қайырымдылық қоры қатерлі ісікке шалдыққан Ресей әншісі Жанна Фрискенің емделуіне тәулікке жетпей 50 млн. рубльден астам қаржы жинақтады. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

Әншіге көмек көрсету мақсатында «Бірінші каналмен» бірге қаражат жинап жатқан «Русфонд» қайырымдылық қоры емге қажет сомадан артылған ақшаның науқас балаларды емдеуге жұмсалатынын мәлімдеген болатын. Қаражат қайырымдылық қорына sms хабарлама арқылы аударылады. Бір хабарламаның құны 75 рубльді құрайды.

Сонымен қатар, әнші Лолита Милявская да Жанна Фрискенің емделуіне қаражат жинамақшы. «Біз әріптестерімізбен Жаннаның қатерлі ісікке шалдыққанын естіген бойда ақша жинап, оларды оның отбасына береміз деп шештік», – деді ол.

БАҚ өкілдерінде 39 жасар Жанна Фрискенің қатерлі ісікке шалдыққаны жөніндегі ақпар өткен аптаның соңында пайда болды. Дүйсенбі күні оны әншінің азаматтық некедегі күйеуі Дмитрий Шепелев растады.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Фото: Mail.ru 

Соңғы жаңалықтар