Өткен демалыс күндері Ақмола облысында бес адам суға кетті, оның ішінде екеуі - балалар. Қайғылы жағдай Степногорск қаласында, Целиноград, Сандықтау аудандарында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 тамызда Сандықтау ауданында - Лесное ауылынан бір шақырым жерде 2008 жылы туған қыз өзенге батып кетті, ол анасымен бірге өзен бойымен жүріп, жартастан суға батып кетті. Сол күні 16 жастағы жасөспірім Талапкер ауылының шетінде суға батып кетті.
Тағы үш жазатайым оқиға Степногорск қаласы мен Целиноград ауданында болды. 46 және 29 жастағы ер адам, 42 жастағы әйел адам қаза тапты. Қаза тапқандардың барлығы шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, олардың екеуі мас болған.
Демалыс күндері Зеренді көлінде алты адам, Бурабай көлінде қайығы бұзылып қалған екі адам құтқарылды.