• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2010

ИРАН ӨКІЛІМЕН ӘҢГІМЕ

542 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – Сыртқы істер министрінің арнаулы көмекшісі Рамин Махманпарасты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан-Иран екіжақты қарым-қатынастарын, оның ішінде парламентаралық ынтымақтас­тықты дамыту мәселелері жайында пікір алмасылды. Тараптар сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылды дамыту саяси байланыстарды жиілетуге, экономикалық сала мен гуманитарлық байланыстардағы табысты ынтымақ­тастықты кеңейтуге жәрдемдесетінін атап өтті. Иран Мәжілісінің төрағасы Али Лариджанидің Иранға ресми сапармен келуге шақыруына орай Сенат Төрағасы Иран жағына алғыс айтты. Рамин Мехманпараст үстіміздегі жылғы 17-18 сәуірде ядролық қарусыздану туралы Теһран конференциясының нәтижелері туралы Қасым-Жомарт Тоқаевты хабардар етті. Қ.Тоқаев “әр мемлекеттің халықаралық заңдар аясында және МАГАТЕ бақылауымен өзінің ядролық бағдарламасын дамытудағы” құқықтары жайында айтты. Төрағаның айтуынша, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қалыптастыруда Иранның негізді маңызды рөлі бар. Р.Мехманпараст стратегиялық қаруларды таратпаудағы негізгі мәселелерді шешудегі Қазақстан бастамаларын жоғары бағалады және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің еліміздің маңызды рөлін атап өтті.