Бүгін Башар Асад үкіметі мен Сирия оппозициясы алғаш рет бейбіт келіссөз жүргізеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Ливанда тұратын сириялық босқындар бүгінгі «Женева-2» бейбіт конференциясына үлкен үміт артып отыр. Бұл конференция жауласқан тараптарды бітімге келтіруі тиіс. Егер бұл мақсат орындалса, босқындардың отанына оралуларына мүмкіндік туады.
Айта кетейік, 3 жылға созылған шиеленістен кейін бүгін алғаш рет Башар Асад үкіметі мен сириялық оппозиция бейбіт келіссөз жүргізбек. 40-қа жуық елдің дипломаты жиналған халықаралық конференция Сириядағы дағдарыстан шығу жолдарына арналған. Ресми ақпарат бойынша, Сириядағы азаматтық соғыс 130 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Сонымен қатар, 2 миллионнан астам тұрғын елден қашып, өзге елдерде бассауғалап жүр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: 24.kz
Фото: Ntv.ru