• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Қостанайда есірткі сатушылармен сыбайласқан полицейлер сотталды

321 рет
көрсетілді

Қостанай облысында есірткі саудасына қатысы бар 10 экс-полицейге сот үкім кесті. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Құқық қорғау қызметкерлеріне күдіктілермен сыбайласты, бас пайдасы үшін ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылды. Жалпы, осы іс бойынша 16 адам жауапқа тартылған. Соның ішінде есірткі саудасымен айналысқан 6 әйел екен.

Күдіктілер полиция қызметкерлерінің «көмек көрсетуімен» бірнеше жыл бойы заңсыз әрекеттерін іске асырып келген. Екі томдық үкімнің мәтіні 500 беттен тұрады.

Сонымен, есірткі  саудасын ұйымдастырушы 2 әйел 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Қалған 4 айыпкер 8-10 жылға сотталды. Ал қылмыскерлермен сыбайлас болған бұрынғы құқық қорғау қызметкерлерінің бірі 16 жыл, қалғандары 2-ден 6 жылға дейін өмірлерін темір торда өткізетін болды. Бәрі де шенінен айрылды әрі мүлкі тәркіленді.

«Сот барлық дәйектерді жан-жақты зерттеп, істің ақиқатын  ашуға тырысты. Көзіміз жеткені, бұл есірткі саудасына қатысты әркімнің атқаратын міндеті, жұмысы  нақты белгіленген. Ал полиция қызметкерлері қылмыскерлердің сыбайластарына  айналған», - деді Қостанай облысы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы Асылбек Жұмағұлов.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: «Хабар» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар