• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2021

Әрбір 10 минутта бір бала шетінейді

308 рет
көрсетілді

Йеменде әрбір 10 минутта бір бала дұрыс тамақтабау мен түрлі ауру салдарынан шетінеп жатыр. ЮНИСЕФ директоры Генриетта Форе Йемендегі гуманитарлық жағдайға байланысты брифинг ұйымдастырды. Оның айтуынша, биыл болған қақтығыстарда 1,6 миллион бала туған жерінен жырақ кеткен, деп жазады Egemen.kz TRT-ға сілтеме жасап.

Йеменде 21 миллион адам гуманитарлық көмекке зәру. Олардың 11,3 миллионы – бала.

«2,3 миллион бала өте нашар тамақтанады және 400 мың бала осы себептен өлім аузында. Әрбір 10 минутта бір бала қайтыс болып жатыр», деді Генриетта Форе.

БҰҰ-ның Йемендегі арнайы өкілдері де шамамен бес миллион адамның аш отырғанын айтты.

Елде жеті жылдан бері қақтығыстар жалғасып келеді, салдарынан мыңдаған адам қаза тапты.

Йемен – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Соғыс салдарынан гуманитарлық дағдарыс та асқынды.

БҰҰ деректеріне қарағанда,  Йеменде халықтың 80 пайызы гуманитарлық көмек және қорғауға мұқтаж.