• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Тамыз, 2021

Одессада ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

317 рет
көрсетілді

Украинаның Одесса қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигоны жабылу күнінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрмеде Қазақстанды, оның мәдениетін, халқы, табиғаты, сәулеті, ұлттық тағамдары және т.б. кескіндейтін фотосуреттер ұсынылған. Сонымен қатар келушілерге Семей ядролық полигонының жабылу тарихы мен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөнінде әлемдік аренадағы күш-жігері туралы материалдар көрсетілді.

Көрмеге келушілерге тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның жеткен жетістіктері, еліміздің әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесі, сондай-ақ Семей ядролық полигоны, «Невада-Семей» халықтық қозғалысы мен жабылу туралы шешімі туралы баяндалды.

Көрменің ашылуына Одессаның мәдениет саласы, қоғам және іскер топтарының өкілдері қатысты, олар іс-шараны үлкен қызығушылықпен қабылдады.

Көрмені Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен Одессадағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырды. Фотоматериалдарды «Қазақпарат» ХАА ұсынды.

«Осындай фотокөрмелерді, сондай-ақ Украинаның Харьков пен Львов қалаларында да өткізу жоспарланып отыр», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар