• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 25 Тамыз, 2021

Нелсон Манделаның немересі «Егемен Қазақстанға» қонаққа келді

509 рет
көрсетілді

Әлемге әйгілі қайраткер Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела ел газеті «Егемен Қазақстанға» қонаққа келді. Құрметті меймандарды Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қарсы алып, сұхбаттасты.

Кездесу барысында Оңтүстік Африка республикасының тұңғыш президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның мұрасы, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы сөз болды.

Әңгіме барысында Д.Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» газетінің тарихымен таныстырды. Өз кезегінде Ндилека Мандела жылы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін ризашылығын жеткізіп, газет ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Сондай-ақ Қазақстанға алғаш келгендегі әсерімен бөлісіп, екі ел арасындағы ұқсастықтар туралы айтып берді.

Ндилека Мандела – Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның үлкен немересі. 1965 жылғы 22 ақпанда Кейптаун қаласында дүниеге келді. Филантроп, әлеуметтік және гуманитарлық қайраткер.

БҰҰ аясындағы «Мандела сияқты көшбасшылар» атты халықаралық бағдарламаның басшысы. Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС), сондай-ақ туберкулезбен күресу бойынша Жаһандық қордың бірқатар бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. «Reset Global» («Жаһанды қалпына келтіру») атты Ғаламдық ассамблея шеңберіндегі Консультативтік кеңестің Африканың жастары мен Африкадағы денсаулық мәселелері жөніндегі уәкілі.

Ндилека Манделамен болған сұхбатты газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқисыздар.