• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2021

Қарусыздану – қоғам үшін маңызды

564 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Семей қаласы әкімдігі­нің бірлесіп ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздігі мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған  «Негізгі шешімдер уақыты» атты көрме өтті.

Шараның тұсаукесер рәсімін ашып сөз сөйлеген Шығыс Қа­зақ­стан облысы әкімінің орын­ба­сары Азамат Мухамедчинов: «Адам­­­затты ядролық қарудан азат етуге және жаппай қырып-жо­я­­­тын қаруды таратпауға ба­ғыт­­­талған еліміздің саясатын ха­лық­­­аралық қоғамдастық мойындады. Нәтижесінде, бұл салада елі­міз жаһандық көшбасшылық қабілетке ие болды. БҰҰ мін­бе­рі­нен, халықаралық форумдар­дан, сондай-ақ ядролық державалар басшыларымен жеке кездесулер кезінде жоғарыдағы ұста­ным­дар­ды түбегейлі және дәйекті түр­де қорғаған еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше» деді.

«Семей қасіреті», «Елбасының ядролық қарусыз әлем жолында­ғы бастамалары» және «Бейбіт атомға құқық» атты үш бөлімнен тұратын экспозициялық залда Қазақстанның тәуелсіздік тари­хынан сыр шертетін Елбасы кі­тапха­на­сы қорындағы архивтік ма­те­риал­дар, жәдігерлер және та­рихи кітаптар кешені көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қа­тар Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.На­зарбаевтың ядролық қару­сыз­дану және ядролық қаруды та­ратпау ісіне қосқан үлесі үшін бе­ріл­ген халықаралық марапаттар да көрме төрінен орын алды.

Елбасының ядролық қарусыз­дану бастамасынан кейін Невада, Новая Земля, Лобнор, Муруроа полигондары жабылып, нәтижесінде, БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күрес күні» деп жа­риялады. Осылайша, Елбасы бас­­тамасы жер бетінде ядролық қару­сыз әлемді құру мен нығай­тудың өзегіне айналды.

Қазіргідей дүние жүзін гео­сая­си тұрақсыздық жайлаған тұс­та, Елбасының ядролық қару­дан бас тарту идеясы жаһандық бітімгер ретінде ерекше маңызға ие болғаны шындық. Осы орайда көрме төрінен Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 2016 жылғы 31 нау­рызда Вашингтонда ұсынған «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» атты ұсынысы уақыт өте келе, Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми мәртебесіне ие болғаны жайлы құжат та көрме сөресінен орын алды.