Танзанияның ең ірі қаласы Дар-эс-Саламдағы Францияның елшілігіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салдарынан үш полицей қаза тапты. Алты адам жарақат алған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қылмыскер де ажал құшқан. Оның кім екені әлі айтылмады.