Қазақстанның Ұлттық банкі 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейін шығарылған банкноттарды айырбастаудың мерзімі шектелмегенін еске салды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар жалпы сомасы 163 миллион теңге болатын 66 403 ескі банкнотты айырбастады, деп жазады Egemen.kz.
Банкноттарды ауыстыруға сұраныстың көп бөлігі Алматы (16,6%), Нұр-Сұлтан (9,7%), Қарағанды облысының (8,8%) тұрғындарынан түскен. Айырбастауға қабылданған банкноттардың негізгі үлесі - 500 теңгелік банкноттарға тиесілі (47,1%).
Еске салайық, 2006 жылы шыққан үлгідегі 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталарын ҚРҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болады.Жаңа банкнот шығарылған кезде ескі үлгідегі банкнот 12 ай бойы айналымда параллель жүреді. Сәйкесінше, ескі банкноталар да, жаңа банкноттар да заңды төлем құралы болып табылады және 1 жыл ішінде төлемнің барлық қызметі үшін қабылдануы тиіс.
Банкнот айналыстан алынғаннан кейін 3 жыл ішінде Ұлттық банктің филиалдарында, екінші деңгейдегі банктердің филиалдарында, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде де айырбастауға болады.
3 жылдан кейін айналымнан шыққан банкноттарды Ұлттық банктің бөлімшелерінде мерзімсіз ауыстыруға болады.