• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Жолсыз жонның жорғасы жер үйдің қабырғасын бұзып кірген

242 рет
көрсетілді

Атырауда жолсыз жонның жорғасын, яғни джип көлігін айдаушы жер үйдің қабырғасын бұзып кіріп, ондағы адамдарды басып өлтіре жаздаған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.

Атырауда жолсыз жонның жорғасын, яғни джип көлігін айдаушы жер үйдің қабырғасын бұзып кіріп, ондағы адамдарды басып өлтіре жаздаған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.

«Оқиға түнгі сағат бірдің кезінде болған. Бұл кезде үйдегі отбасы мүшелері түгел ұйық­тап жатқан. Нәтижесінде төрт адам ауруханадан бір-ақ шыққан», – делінген хабарламада.

Сол өкінішті оқиға орын алған түні ата-анасының үйіне екі баласын алып келген ұлы мен екіқабат келіні қонуға қалған екен. Олар түннің жарымында қабырғадан соғылған қатты соққы мен дауыстан оянады. Қор­қып кеткен үй адамдары өз бөлмелерінде «Хюн­дай» көлігінің тұмсық тіреп тұрғанын көреді!

Ал балшықтан соғылған ескі үй мына соққыны көтере алмай, құлап түскен. Осының салдарынан екі баланы кесектің астынан аршып алуға тура келген.

Зардап шегушілердің айтуларынша, жолсыз жердің жорғасын айдаушы қатты мас болғанына қарамастан, тез есін жиып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Қазір дүрбелеңге түскен Қадыровтар полицияға арыз жазып, апаттың айыптысы болған айдаушының мықты туыстарын арқаланып, ымыраға келуге жаушы жіберіп жатқанын жеткізді. Аталған оқиғаның салдарынан екіқабат әйел мен оның күйеуі және бір баласы ауруханаға түскен.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар