• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2021

Алматыда студенттерді ЖОО-ға кіргізу талабы бекітілді

293 рет
көрсетілді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бекіткен жаңа қаулыға сәйкес, білім беру ұйымдарына респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға, «сары» және «қызыл» статусы бар адамдарға, Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырмаған педагогтер мен персоналға кіруге рұқсат берілмейді, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ 2021-2022 оқу жылында барлық білім беру ұйымдарына штаттық форматта оқуға рұқсат берілді.

Аудан әкімдері, Алматы қаласы білім басқармасы, жоғары оқу орындары, жекеменшік мектептер мен балабақша басшылары педагогтер мен персоналдың 100% коронавирусқа қарсы вакцина салдыруын қамтамасыз етуі керек. Бұл тізімге медициналық қарсы көрсетілімі бар науқастар мен кейінгі 3 айда ауырған азаматтар кірмейді.

Мекемеге кіреберісте педагогтер мен қызметкерлер, ата-аналар, 18 жастан асқан білім алушылар Ashyq қосымшасы арқылы тіркеледі.   

Ал шетелдік студенттер тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған Covid-19 инфекциясына қарсы вакцинаны толық салдырғанын растайтын құжатын көрсетіп, Қазақстан мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісі арқылы коронавирустың жоқ екенін көрсеткен жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі.

Қаулыға сәйкес, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледж, жоғары оқу орындарына респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, температурасы 37 градустан жоғары), QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» статусы бар адамдарға, Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырмаған педагогтер мен персоналға кіруге рұқсат берілмейді.

Айта кетері, «сары» және «қызыл» статус Covid-19 табылған адам мен Covid-19 анықталған адаммен байланыста болған кезде шығады.