• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2021

Эммануэль Макрон Тәжікстан Президентін Францияға шақырды

236 рет
көрсетілді

Франция Президенті Эммануэль Макрон қазан айында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды қабылдайды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл Елисей сарайының бейсенбіде екі ел басшыларының телефон арқылы сөйлесуінен кейін таратылған хабарламада айтылған. 

«Республика Президенті Эмомали Рахмонды Францияға келуге шақырды. Ол оны 13 қазанда қабылдайды», делінген хабарламада. 

Макрон әкімшілігі әңгіме барысында «екі Президент Ауғанстандағы жағдайға қатты алаңдаушылық білдірді» деп мәлімдеді. 

Екі ел басшылары ауған босқындарымен байланысты жағдайды, сондай-ақ Талибанның Кабулдағы билікті басып алуының салдарын талқылаған. 

«Мемлекет басшылары аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пікір алмасуды жалғастыруға келісті», деп хабарлады Франция басшысының әкімшілігі.