• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Тамыз, 2021

Әл-Фарабидің шығармашылығы туралы кітап жарық көрді

244 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері «Thembekile Mandela Foundation» қорының президенті Ндилека Мандела ханыммен кездесу ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.

Нельсон Манделаның немересі ҚР Тұңғыш Президенті Қорының шақыртуымен елге ресми сапармен келді. 

Кездесуге Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Қазақстан-ОАР» Халықаралық Қорының басшылығы, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері мен Нұр-Султан қаласы әкімдігінің өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі бастамалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және оны одан әрі дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуге 2021 жылы ОАР-дағы Қазақстан елшілігі шығарған көрнекті ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы «Treatise on the need to strive for an excellent state» кітабының тұсаукесері өтті және Нұр-Сұлтан қаласынындағы Достық үйінің қызметімен таныстыру ұйымдастырылды.