• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 27 Тамыз, 2021

Токио-2020: пара жүзуші Сиязбек Далиев финалға жолдама алды

217 рет
көрсетілді

Қазақстандық пара жүзуші Сиязбек Далиев Паралимпиаданың финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық Сиязбек Далиев Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шықты.

Сиязбек Далиев іріктеу сынында 35.75 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. 31 жасар спортшы жалпы есепте төртінші орында.

Финал 27 тамызда сағат 15.25-те өтеді.