• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Жамбыл жеріндегі жағдай толық бақылауда

273 рет
көрсетілді

Кеше, яғни 26 тамыз күні Жамбыл облысының Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан еліміздің Қорғаныс министрлігінің # 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасы өртенген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған ауылда 250 тұрғын бар. Бүгінде азаматтар тиісінше эвакуацияланды. Орын алған оқиғаға байланысты Жамбыл облысының әкімдігі ресми хабарлама жасады. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылған. Аталған мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін арнайы желілер іске қосылған. Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған. Тағы 1 бригада Тараз қаласындағы #5 мектепте кезекшілік етеді, ал Тараз политехникалық колледжінде 1 бригада жұмыс істейді. Байзақ ауданы, Базарбай ауылынан бұған дейін 226 адам эвакуацияланған болатын.

27-тамыз күнгі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша эвакуация орталықтарында жалпы 171 адам қалып отыр, оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді.

Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқаларды қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқаруда. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдаса, оның ішінде 6 адам ауыр халде жатыр.

Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік 109 қызметіне барлығы 473 өтініш келіп түскен. «109» қысқа номеріне – 265 өтініш, «What`s app» мессенджеріне – 190 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің көбі тұрғындардың эвакуациялануы, әскери бөлімдегі қойманың жағдайы бойынша және тағы да басқа жағдайлар бойынша болған.