• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 27 Тамыз, 2021

Назарбаев Қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесті

233 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы сайтындағы ақпарат бойынша, әңгіме барысында Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, 26 тамызда кешке Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери қойманың маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Кейінгі ақпаратқа сәйкес, 90-ға жуық адам зардап шеккен. Бес әскери қызметші қайтыс болды.