• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Қаза тапқандар саны 9-ға жетті

208 рет
көрсетілді

Соңғы мәлеметтер бойынша Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан барлығы 9 адам ажал құшты, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер іздестірілуде. Бұл туралы ТЖМ жанындағы жедел штаб мәлімдеді.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.

Өрт болған орында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды:

ТЖМ - 153 қызметкер, 46 бірлік техника; ДП - 400 қызметкер, 54 бірлік техника; №28349 ә/б - 8 қызметкер, 2 бірлік техника; №5513 ә/б - 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника; Ұао.гвардия - 520 адам және 250 адам резервте.