• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Тамыз, 2021

Қазақстанға 30 миллиард теңгеге заңсыз тауар әкелінген

335 рет
көрсетілді

«Қазпатент» директоры Ербол Оспанов контрафактіге қарсы форум жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Контрафактіге қарсы форум - зияткерлік меншігі қорғалған өнімдердің заңсыз айналымына қарсы тұру мәселелерін талқылауға арналған ашық алаң. Форум елімізде екінші рет өтіп жатыр.  Біріншісі 2014 жылы өтті», деді Ербол Оспанов ОКҚ брифингінде.

Ол кейбір статистикалық мәліметтерге тоқталды.

«Euromonitor International еуропалық зерттеу компаниясының мәліметі бойынша, 2020 жылдың соңына қарай жаһандық экономикаға келтірілетін шығын әлемдік ЖІӨ-нің 3%-ын немесе шамамен 2,2 триллион долларды құрауы мүмкін. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанға 30 миллиард теңгеден астам заңсыз тауарлар әкелінді», деп атап өтті спикер.

Оспановтың айтуынша, контрафакті өнімдері экономиканың барлық саласында бар. Бұған тамақ, сусындар, киім мен аяқ киім, фармацевтика және электроника кіреді.

«Соңғы уақытта тіпті заманауи технологияларда да контрафкті дерегі көбейді», деп қорытындылады ол.