Қазақстан Еуропа Одағы елдерінің азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялайтын ұшақтарға жанармай құю үшін қонуға рұқсат берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағы президенті Шарль Мишельмен телефонмен сөйлескенде осылай деп хабарлады.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев Шарль Мишельге Қазақстанның ауған мәселесіне қатысты ұстанымын айтқан. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстандағы ауған студенттеріне көмек беріліп жатыр.
«Мемлекет басшысы ауған мәселесіне қатысты, соның ішінде Ауғанстанда да Қазақстан мен Еуропалық Кеңес тығыз қарым-қатынас орната алады деп есептейді. Қазақстан Еуропалық Одақ елдерінің азаматтарын эвакуациялаған ұшақтарға өз әуежайларында жанар-жағар май құюға мүмкіндік жасағаны туралы айтылды», деп жазылған хабарламада.