• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2021

Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрі базаларының құрылысын жеделдетуді тапсырды

299 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Аталмыш объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған.

«Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, сондай-ақ арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген», деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.