Мәдениет және спорт миниистрлігі «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының 110-тармағын іске асыру аясында биыл 15 фильмді дубляждау жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Алты отандық фильмнің дубляжы аяқталды. Олардың қатарында «Қарқаралы», «Көкшетау», «Ер қанаты», «Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі», «Кедергілерді жеңу» деректі фильмі мен «Күнбағыс» көркем фильмі бар.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, «Каникулы оффлайн» және «Ночной Бог» толықметражды көркем фильмінің дубляжы аяқталуға жақын.
Жыл аяғына дейін тағы жеті көркем және анимациялық фильмнің дубляжын аяқтау жоспарланған.
Жалпы 2025 жылға қарай министрлік 60 анимациялық және кең прокатқа арналған фильмді дубляждап, көрерменге ұсынады.