• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2021

Батыс Қазақстанда трактор аударылып, екі адам көз жұмды

175 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып, ересек пен 8 жасар бала кайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 26 тамыз күні Бөкей ордасы ауданында орын алды.

Шамамен сағат 10.30-да аудан орталығы Сайқын ауылында трактор аударылды. Соның салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз бала көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.