Кабулда Түркіменстан елшілігінің жанында пәкістандықтар жарылғыш затпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 26 тамызда орын алды, бірақ ол туралы хабар 28 тамызда белгілі болды.
«Кабул әуежайындағы террорлық шабуылдан кейін Түркіменстан елшілігінің жанында жарылғыш құрылғысы бар Пәкістанның екі азаматы ұсталды», деп жазады басылым.
26 тамызда Кабулда кем дегенде алты жарылыс болды. Террористік шабуылдар үшін жауапкершілікті ИГ-Хорасан қозғалысы өз мойнына алды. Нәтижесінде, Кабулдағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 170-ке жетті.